12 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №388 

883 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2014 жылғы 23 қыркүйек, Астана қаласы Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 72-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидалары бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықты облыстар, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының назарларына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Министр А.СӘРІНЖІПОВ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №388 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234 Қылмыстық-атқару кодексінің 72-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген. 2. Осы Қағидалардағы ұйымдар дегеніміз «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-тармағында анықталған ұйымдар болып қабылданады. 3. Осы Қағидалар педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланыс­ты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау тәртібін айқындайды. 2. Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйымның орындалу тәртібі 4. Меншік нысанына қарамастан ұйымның басшысы (бұдан әрі – басшы) педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға қабылдау кезінде тұлғалардан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне есебі боыйнша олардың қылмыс жасаған туралы мәліметтің бар не жоқ екені туралы ақпарат сұратады. 5. Басшы тұлғаларды жұмысқа қабылдау туралы шешім шығарғанға дейін күнтізбелік 7 күннің ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарынан кандидаттың педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынған шектеулерінің бар-жоғы туралы мәліметтің дұрыстығын тексереді. 6. Басшы күнтізбелік бір күн ішінде: 1) қызметкердің педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруына тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесін алғанда; 2) педагог қызметкердің педагог лауазымын атқару құқығынан айырылғандығы туралы сот үкімінің бар екені немесе жасырылғаны анықталған жағдайда оңы атқарып отырған лауазымынан босады. Бұл ретте педагог қызметкерге кәмелетке толмағандармен жүмыс істеуге байланысты өзге жұмыс ұсынылмауы тиіс. 7. Басшы соттың үкімімен педагог лауазымын атқаруына шектеу қойылған қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзу күнтізбелік жеті күн ішінде кезінде қабылданған шаралар туралы білім беру саласындағы және ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі жергілікті органдарға хабарлайды. 8. Басшы жылына бір рет педагог қызметкерлердің педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынған шектеулерінің бар-жоғы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органдарымен тұрғылықты жері бойынша пробация қызметінен салыстырып тексеріп отыруға міндетті. 9. Басшы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шартын жасаспауы тиіс. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 23 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9821 болып енгізілді.